18 сәуірден бастап екі атаудағы облигациялар Т+ тізіміне енгізіледі

14.04.23 19:11
/KASE, 14.04.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылдың 18 сәуірінен бастап мынадай облигацияларды ішінара қамтамасыз ету (Т+ тізімі) шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қаржы құралдарының тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: 1) Еуразиялық Даму Банкінің KZ2D00009628 облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb40); 2) Азия Даму Банкінің XS2590132242 халықаралық облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe14). Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-04-14]