"Birinshi Lombard" (Бірінші Ломбард) ЖШС Қазақстан қор биржасында жүргізу жазылым арқылы KZ2P00009277 (MFBLb1) облигацияларына өтеуге кірістілігі жылдық 24,00 %-бен орналастыра отырып, 100,0 млн теңге тартты

14.04.23 18:31
/KASE, 14.04.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жазылым жүргізу арқылы "Birinshi Lombard" (Бірінші Ломбард) ЖШС (Алматы KZ2P00009277 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFBLb1; 1 000, 1,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандың купон; жылдық 24,00%; 30/360) облигацияларын бастапқы орналастыру жүргізілді. Аталған облигацияларға жазылу кезінде Сатушы ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) әрекет етті. Орналастыруға номиналды көлемі 100 000 000 теңге болатын облигациялар ұсынылды. Жазылым аясында тек шектеулі өтінімдер қабылданды. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 14 сәуірінде Астана қаласы уақытымен сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін жүргізілді. Сауда-саттыққа KASE бір мүшесі қатысты. Сауда-саттық жүйесіне жалпы көлемі 101,5 млн теңге (номиналды құны 101,5 млн теңге) құрайтын екі шектелімді өтінім берілді, олар өтінімдерді жинау аяқталған кезде белсенді деп танылды. Берілген белсенді өтінімдердегі таза бағасы номиналдың 100,0000 % (жылдық 24,00%) құрады. Жазылымға сұраныс ұсыныстан 101,5 % құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемі жеке тұлғалардың үлесіне тиесілі болды. Орналастыру нәтижелері бойынша бір белсенді өтінім қанағаттандырылды. Барлығы жалпы сомасы 100 000 000 теңге болатын, 100 000 облигация орналастырылды. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша барлық мәмілелер осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды. [2023-04-14]