"BCC Invest" АҚ "ЦентрКредит–Валюталық" ИИПҚ KZPF00000058 (BCCI_cc) пайларын ұстаушыларға 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларына дивидендтер төленгені туралы хабарлады

14.04.23 17:56
/KASE, 14.04.23/ – пайлары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде орналасқан, "ЦентрКредит-валюталық" интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) басқарушы компаниясы болып табылатын,"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ - (Алматы, тақырыптамада – "BCC Invest" АҚ), KZPF00000058 (BCCI_cc) пайларын ұстаушыларға 2023 жылдың 01 қаңтары мен 31 наурызы аралығына дивидендтер төлегені туралы KASE-ге хабарлады. Берілген ақпаратқа сәйкес, төлем сомасы 492 372,81 АҚШ долларын құрады, дивидендтер төлеу үшін пай ұстаушылар тізілімін бекіту күні 2023 жылдың 31 наурызы. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BCCI/bcci_dividends_140423_23.pdf [2023-04-14]