"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00003564 (TMJLb3) халықаралық облигациялары бойынша сегізінші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 18,52 %

12.04.23 11:08
/KASE, 12.04.23/ – "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZ2C00003564 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, TMJLb3) облигациялары бойынша сегізінші кезеңге жылдық 18,52 % мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесі белгіленгені туралы хабарлады. [2023-04-12]