03 сәуірден бастап "Finaccord Limited" жеке компаниясының KZ2D00009651 (FNACpp3) облигациялары KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізілді

03.04.23 18:58
/KASE, 03.04.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясы 2023 жылдың 03 сәуірінде "Finaccord Limited" жеке компаниясының (Астана) KZ2D00009651 (FNACpp3; 5 100 000, 2 200,0 млн, 5 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 5,50%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 03 сәуірінен бастап күшіне енді. Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-ресурсында https://kase.kz/ru/bonds/show/FNACpp3/ сілтеме бойынша жарияланды. [2023-04-03]