"Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ Қазақстан қор биржасында жүргізу жазылым арқылы KZ2C00009421 (MFOKb8) облигацияларына өтеуге кірістілігі жылдық 10,00 %-бен орналастыра отырып, 3 3,5 млн тартты

03.04.23 18:19
/KASE, 03.04.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жазылым жүргізу арқылы "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ KZ2C00009421 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb8; $100, 2 20,0 млн; 03.03.23 – 03.03.24; тоқсандық купон; жылдық 10,00%; 30/360) облигацияларын бастапқы орналастыру жүргізілді. Аталған облигацияларға жазылу кезінде Сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) ірекет етті. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 03 сәуірде Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 11:30-ға дейін жүргізілді. Орналастыруға номиналды көлемі 3 000 000 АҚШ доллары болатын облигациялар ұсынылды. Жазылым аясында тек шектеулі өтінімдер қабылданды. Сауда-саттыққа KASE екі мүшесі қатысты, қатысушылардың шоттарының саны-115. Сауда-саттық жүйесіне жалпы көлемі 3,5 миллион АҚШ долларын құрайтын 115 шектелімді өтінім берілді, олар өтінімдерді жинау аяқталған кезде белсенді деп танылды. Берілген белсенді өтінімдердегі таза бағасы номиналдың 99,9932 % (жылдық 10,00%) құрады. Жазылымға сұраныс ұсыныстан 1,2 есе асып түсті. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде заңды тұлғалардың үлесіне – 6,3 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 93,7 % тиесілі болды. Орналастыру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 3 503 016,2 АҚШ долларына (1 582 347 447,7 теңгеге балама) барлық белсенді өтінімдер қанағаттандырылды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі таза баға номиналдың 99,9932 % (жылдық 10,00%) құрады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша барлық мәмілелер осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды. [2023-04-03]