KASE Листингілік комиссиясы "Express Finance Group" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00009525 (MFEFpp1) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

10.04.23 20:26
/KASE, 10.04.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 10 сәуірінде "Express Finance Group" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана) KZ2P00009525 (1 000 теңге; 1 000 000 000,00 теңге; 7 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 25,00%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингтік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға қысқартылған MFEFpp1 белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2023-04-10]