"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ басшылық құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды

10.04.23 10:44
/KASE, 10.04.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы " АҚ (Астана) KASE-ге жолдаған 2023 жылдың 07 сәуіріндегі баспасөз мәлімдемесінде мыналар хабарланады: дәйексөздің басы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ компания басшылығының құрамындағы келесідей өзгерістерді хабарлайды. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып Диана Айдарқызы Арысова тағайындалды. Ол экономика және қаржы бағытына жетекшілік ететін болады. Д.Арысова 2016 жылдан 2023 жылға дейін "PSA" ЖШС-де мұнай-газ операциялары шоттарына ревизия жүргізу департаментінің директоры қызметін атқарып келді. Әр жылдары "KMG Drilling&Services" ЖШС қаржы директоры, бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары; "ҚазМұнайТеңіз" ТМК» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының м.а., корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры; Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінде энергетика саласындағы жобалардың үйлестірушісі лауазымдарында болды. Басқарма құрамындағы өзгерістер ҚМГ Директорлар кеңесі тиісті шешімдер қабылдағаннан кейін белгіленген тәртіппен ашылады.. дәйексөздің соңы Осы ақпарат орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_070423_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_070423.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_070423_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-04-10]