Қазақстан Қаржы министрлігі 05 сәуір күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-168 бесінші шығарылымын (KZKD00001111, MUM168_0005) орташа сараланған кірістілігі жылдық 12,00 % орналастырып, 19,0 млрд теңге тартты

07.04.23 18:08
/KASE, 07.04.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылдың 05 сәуірінде Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-168 бесінші шығарылымын (KZKD00001111, MUM168_0005) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2023 жылдың 07 сәуірінде облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 19 033 793 188,1 теңгені құрады. KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 05 сәуір күні Қазақстан қор биржасында 21,2 млн МЕУКАМ-168 бесінші шығарылымынын (KZKD00001111, MUM168_0005) орташа сараланған өтеуге кірістілігі жылдық 12,00 % орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы https://kase.kz/ru/news/show/1499003/ сілтеме бойынша жарияланған. [2023-04-07]