"Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Moody's Investors Service агенттігі холдингтің жаңартылған кредиттік талдауының жарияланғаны туралы хабарлады

07.04.23 12:00
/KASE, 07.04.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) KASE-ге мынадай мазмұндағы баспасөз релизін ұсынды: дәйексөздің басы 2023 жылғы 4 сәуірде Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі ресми сайтта "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ бойынша жаңартылған кредиттік талдауды жариялады. Baa2 (stable1) жаһандық шкаласы бойынша "Бәйтерек" холдингінің рейтингі холдингтік компанияның Қазақстан экономикасын дамытудағы маңызды рөлін, оның мемлекетпен берік институционалдық және қаржылық өзара байланысын көрсетті. Холдинг елдің экономикалық тұрғыдан дамуына ықпал етуде маңызды рөл атқарады және негізгі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қаржыландыру арнасы ретінде қызмет етеді. Қаржылық көрсеткіштерді бақылауды және негізгі көрсеткіштерді бекітуді қоса алғанда, Холдинг тобын 100% иелену және Бәйтерек холдингінің бизнес-қызметіне қатысу арқылы Холдинг мемлекетпен жоғары интеграцияланған. Эмитент бойынша болжам Егеменді рейтингке сәйкес "тұрақты" деңгейде қалып отыр. дәйексөздің соңы [2023-04-07]