KASE Листингілік комиссиясы "Finaccord Limited" жеке компаниясының KZ2D00009651 (FNACpp3) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

03.04.23 16:46
/KASE, 03.04.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 03 сәуірінде "Finaccord Limited" жеке компаниясының (Астана) KZ2D00009651 ($100 000, $200,0 млн, 5 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 5,50%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға FNACpp3 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2023-04-03]