03 сәуірде Қазақстан қор биржасында "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ KZ2C00009421 (MFOKb8) облигацияларына жазылу жүргізіледі

30.03.23 16:36
/KASE, 30.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2023 жылдың 03 сәуірінде KASE сауда-саттық жүйесінде "Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2C00009421 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb8; 1 100, 2 20,0 млн; 03.03.23 – 03.03.24; тоқсандық купон; 10,00% жылдық; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізіледі. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 3 000 000 АҚШ доллары. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 03 сәуірінде Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 11:30-ға дейін жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектеулі өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін Сатушыға беру күні – 2023 жылдың 03 сәуірі; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 03 сәуірі; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 03 сәуірі, Астана қ.уақытымен 14:00. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор"санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы беріледі. Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу қағидалары KASE интернет-ресурсында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/MFOKb8/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-03-30]