/KASE, 30.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 31 наурызынан
бастап "Логиком" АҚ (Алматы) KZ2C00008886 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар"
санаты, LOGCb4; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 28.03.23-28.03.28; жартыжылдық
купон; жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттығы ашылатынын
хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі
номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық
таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
https://kase.kz/ru/bonds/show/LOGCb4/ сілтемесі бойынша жарияланды.
[2023-03-30]