28 наурыздан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CFQ96 (US_38_2410) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

28.03.23 09:44
/KASE, 28.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 28 наурызынан бастап KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CFQ96 (US_38_2410); $41 994 640 800; 31.10.22 – 31.10.24, жарты жылдық купоны, жылдық 4,375%, actual/actual) халықаралық облигациялары енгізілді. Аталған облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/issuers/US_MF/ сілтеме бойынша жарияланады. [2023-03-28]