27 наурыздан бастап "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00009637 (BRKZb32) және KZ2C00009645 (BRKZb33) "жасыл" облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

28.03.23 09:25
/KASE, 28.03.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының Листингілік комиссиясы (KASE) 2023 жылдың 27 наурызында "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана) келесі "жасыл" облигацияларын KASE ресми тізіміне негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2C00009637 (BRKZb32; 1 000 теңге, 16,0 млрд теңге; 3 жыл, құбылмалы жарты жылдық купон – TONIA Compounded + тиянақталған маржа, маржа мөлшері облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; actual/365); - KZ2C00009645 (BRKZb33; 1 000 теңге, 16,0 млрд теңге; 15 жыл, құбылмалы жарты жылдық купон – TONIA Compounded + тиянақталған маржа, маржа мөлшері облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; actual/365). Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 27 наурызынан бастап күшіне енді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Көрсетілген облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-ресурсында https://kase.kz/ru/bonds/show/BRKZ/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-03-28]