"Жайықмұнай" ЖШС 2023 жылға арналған өндірістік болжам ұсынды

20.03.23 17:58
/KASE, 20.03.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Жайықмұнай" ЖШС (Орал) 2023 жылдың 20 наурызындағы баспасөз мәлімдемесін KASE-ге ұсынды, онда былай деп хабарланған: дәйексөздің басы: "Жайықмұнай" ЖШС – Nostrum Oil & Gas PLC ("Nostrum" немесе "Компания", оның еншілес ұйымдарымен бірге "Топ") еншілес кәсіпорны – мұнай және газ өндірумен сондай-ақ Каспий бассейніндегі мұнай және газ кен орындарын барлау және игерумен айналысатын тәуелсіз мұнай-газ компаниясы, бүгін 2023 жылға арналған орташа тәуліктік өндіру болжамы мұнай эквивалентінің тәулігіне 9 000-10 000 баррель диапазонында екенін хабарлады. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_relizs_200323.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_reliz_200323_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-03-20]