/KASE, 20.03.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) 2023 жылдың 20 наурызындағы баспасөз
мәлімдемесін KASE-ге ұсынды, онда былай деп хабарланған:
дәйексөздің басы:
Ақтау портында Қашаған кен орнынан шыққан 6 900 мың тонна мұнайды Баку порты
бағытына қарай бірінші сынақ ретінде жөнелту жұмысы сәтті аяқталды. Мұнай
жөнелтуші - INPEX North Caspian Sea, Ltd.
INPEX North Caspian Sea, Ltd Қазақстандағы өкілдігінің директоры Хироши
Икеданың айтуынша, сынақ жөнелтілімі Қашаған мұнайының Транскаспий
бағыты бойынша теміржол көлігімен экспорттық бағыттарын әртараптандыру
мүмкіндігін көрсетті. Хироши Икеда "ҚазТрансОйл" АҚ және аталмыш сынаққа
қатысқан басқа да ұйымдардың ұжымына қауіпсіздік талаптарына сәйкес дер
кезінде атқарылған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ INPEX North
Caspian Sea, Ltd өкілі Қазақстан Республикасының үкіметімен және
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-мен бірлесіп резервтік экспорттық бағыттарды дамыту
бойынша ынтымақтастықты жалғастыратынын айтты.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_200323_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_200323.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_200323_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2023-03-20]