16 наурыз күні KASE-де 2023 жылдың наурыз айында орындалатын фьючерстер жабылды

17.03.23 12:12
/KASE, 17.03.23/ – 2023 жылдың 16 наурызында Қазақстан қор биржасында (KASE) 2023 жылдың наурыз айында орындалатын келесі фьючерстер бойынша есептесу жүргізілді: - "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ жай акцияларына, сауда-саттық коды – HSBK-3.23; - "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ жай акцияларына, сауда-саттық коды – KZAP-3.23; - KASE индексіне, сауда-саттық коды – KX-3.23; - АҚШ долларының теңгеге бағамына, сауда-саттық коды – US-3.23; - Ресей рублінің теңгеге бағамы, сауда-саттық коды – RU-3.23. HSBK-3.23 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, ашық жайғасымдар жоқ. Фьючерстің соңғы есептесу бағасы бір акция үшін 127,97 теңгені құрады. KZAP-3.23 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, ашық жайғасымдар жоқ. Фьючерстің соңғы есептесу бағасы бір акция үшін 12 971,07 теңгені құрады. KX-3.23 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, ашық жайғасымдар жоқ. Фьючерстің соңғы есептесу бағасы 3 263,27 тармақты құрады US-3.23 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, ашық жайғасымдар жоқ. Фьючерстің соңғы есептесу бағасы бір АҚШ доллары үшін 463,67 теңгені құрады. RU-3.23 бойынша жалпы құны 6,0 млрд теңгені құрайтын екі мәміле жасалды. Фьючерстің соңғы есептесу бағасы бір рубль үшін 6,10 теңгені құрады. [2023-03-17]