Бүгін Қазақстан қор биржасында "ОнлайнҚазҚаржы" МҚҰ" АҚ 120 000 KZ2C00009538 (MFOKb9) облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

17.03.23 09:17
/KASE, 17.03.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "ОнлайнҚазҚаржы" МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2C00009538 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb9)облигацияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана қ.уақытымен) орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. ----------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00009538 KASE сауда-саттық коды: MFOKb9 Номиналдық құны, теңге: 100,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 20 000 000 – орналастырылған: – Айналыстың басталу күні: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу күні Айналыстың соңғы күні кейінірек анықталады Өтеудің алғашқы күні кейінірек анықталады Айналыста болу мерзімі: 360 күн Купон мөлшерлемесі жылдық 10,00 % Купонды төлеу мерзімділігі жылына 4 рет Купонды төлеуді бастау күні: кейінірек анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 ---------------------------------------------- ------------------------------ Сауда-саттық күні: 17.03.23 Жарияланған орналастыру көлемі, АҚШ доллары 12 000 000 Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: "таза" баға Сатып алуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:30–12:30 Өтінімдерді растау уақыты: 10:30–12:30 Кесім уақыты: 13:00 (Т+0) Төлем уақыты: 17.03.23, 13:00 Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең немесе одан төмен өтінімдер кесімледі Өтінімдердің бағасына байланысты шектелімді бірыңғай кесімдеу бағасы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бойынша Өтінімдердің беру кезегіне байланысты шектеулі қарсылама өтінімдерді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: қабылдау уақыты бойынша Сауда-саттық бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ ----------------------------------------------------------------------------- Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың көлеміне тең немесе еселенген болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс. Мәміленің көлемі https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield_new_kz.pdf сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 4 тарауына сәйкес есептеледі. Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында кестеде көрсетілген уақытта болуын қамтамасыз етуі тиіс. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Сауда-саттық клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+_kz.pdf сілтемесі бойынша танысуға болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/MFOKb9 сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-03-17]