"Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ KASE -де KZ2P00007818 (MFSCb1) облигацияларын жылдық 18,25 % өтеуге кірістілікпен орналастыра отырып, 1,0 млрд теңге тартты

16.03.23 18:14
/KASE, 16.03.23/ – Бүгін KASE сауда жүйесінде "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ ЖШС-нің (Алматы қ.) KZ2P00007818 (KASE баламалы нарығы, "облигациялар" санаты, MFSCb1; 1 000 теңге, 4,0 млрд. теңге; 21.11.05 – 05.11.24; тоқсандық купон, жылына 20.00 %; /360) облигацияларының оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыруы жүзеге асырылды. "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде әрекет етті. Орналастыруға номиналды көлемі 1 000 000 000 теңге облигациялар ұсынылды. Жазылым аясында шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Өтінімдер жазылу аясында 2023 жылдың 16 наурызында Астана уақыты бойынша сағат 10:30-дан 12:30-ға дейін қабылданды. Сауда-саттыққа KASEнің бір мүшесі қатысты. Сауда жүйесіне барлығы 1 029,7 млн теңге (номиналды көлемі 1 041,2 млн теңге) сомасында төрт шектелімді өтінім берілді, олар өтінімдерді жинаудың қорытындысы бойынша белсенді деп танылды. Берілген белсенді өтінімдердегі таза баға номиналды құнның 96,6213% (жылдық 22,50%) құрады. Сұраныс ұсыныстың 104,1%-ын құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде институционалдық инвесторлардың үлесі – 97,1%, жеке тұлғалардың үлесі – 2,9% болды. Орналастыру нәтижесінде барлық белсенді өтінімдер қанағаттандырылды (біреуі толық емес). Жалпы сомасы 988 990 777,8 теңге құрайтын 1 000 000 облигация орналастырылды. «Орталық бағалы қағаздар депозитарийі» АҚ (Алматы) деректері бойынша аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша мәмілелер осы ақпаратты жариялау сәтінде есептелді, жазылу аяқталды. Осыны ескере отыра, тарту көлемінің 97,0%-ын институционалдық инвесторлар, 3,0%-ын жеке тұлғалар сатып алды. [2023-03-16]