20 наурыздан бастап KASE-де US4642895118 (IGLB_KZ) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF акцияларының сауда-саттықтары ашылады

16.03.23 10:36
/KASE, 16.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 20 наурызынан бастап KASE-де BlackRock Fund Advisors басқаратын iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF-тың US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) акциялары сауда-саттықтарының ашылатынын хабарлайды. Аталмыш акциялардың KASE сауда-саттық жүйесіндегі баға белгілеулерінің дәлдігі АҚШ долларымен көрсетілген акция бағасының үтірден кейінгі екінші таңбасына дейін белгіленеді. [2023-03-16]