15 наурыздан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009628 (EABRb40) облигациялары KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

15.03.23 10:12
/KASE, 15.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылғы 15 наурыздан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009628 ($200,0 млн; 3 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді Көрсетілген облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың 13 наурызында жалпы сомасы 500,0 млн АҚШ долларына тіркелген Еуразиялық даму банкінің төртінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бірінші шығарылымы болып табылады. Аталған облигацияларға EABRb40 қысқартылған таңбасы (сауда-саттық коды) берілді Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-ресурсында https://kase.kz/ru/bonds/show/EABRb40/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-03-15]