"ҚазТрансОйл" АҚ S&P Global Ratings агенттігі компанияның рейтинілтік бағалауларын растағаны туралы хабарлады, болжам "Тұрақты"

14.03.23 10:13
/KASE, 14.03.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге жолдаған баспасөз релизін ұсынды, онда мыналар хабарланады: дәйексөздің басы 2023 жылғы 9 наурызда S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі (бұдан әрі – S&P) өз кезегінде тәуелсіз рейтингтер бойынша болжамды қайта қарауға әкелетін, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ рейтингі бойынша болжамның өзгеруіне байланысты "ҚазТрансОйл" АҚ (бұдан әрі – Қоғам) рейтингі бойынша болжамды "Жағымсыздан" "Тұрақтыға" жақсартты. Қоғам рейтингі қажет болған жағдайда компанияның мемлекет тарапынан уақтылы және жеткілікті ерекше қолдау алуының жоғары ықтималдығы жөніндегі S&P пікірін көрсетеді. S&P топтың несие қабілеттілігін бағалаумен шектелетін, Қоғамның өз несие қабілеттілігін бағалауды "ВВ+" деңгейінде сақтады. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_rating_090323_2110.pdf сілтемесі бойынша орналастырылған. [2023-03-14]