14 наурыздан бастап NOSTRUM OIL&GAS PLC GB00BGP6Q951 (GB_NTRM) жай акциялары эмитенттің бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылады

13.03.23 16:41
/KASE, 13.03.23/ – Қазақстан қор биржасы листингтік комиссиясының (KASE) 2023 жылдың 13 наурызындағы шешімімен NOSTRUM OIL&GAS PLC (Біріккен Корольдік) GB00BGP6Q951 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, GB_NTRM) жай акциялары KASE ресми тізімінен алынып тасталды. Листингтік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 14 наурызынан бастап күшіне енеді. Бұл шешім NOSTRUM OIL&GAS PLC компаниясының KASE ресми тізімінен көрсетілген акцияларды ерікті түрде бөлу туралы өтініші негізінде қабылданды. Аталған акциялар 2014 жылдың 10 маусымынан бастап үшінші санат бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "стандарт" санатында болды. Олармен сауда-саттық 2014 жылдың 25 маусымынан бастап ашылды. Бұдан бұрын осы тақырып бойынша 2023 жылдыңы 08 ақпанда "09 ақпаннан бастап KASE-де GB00BGP6Q951 (GB_NTRM) жай акцияларымен сауда-саттығы тоқтатылады" тақырыбындағы KASE жаңалығы жарияланды – https://kase.kz/kz/news/show/1496547/ [2023-03-13]