KASE "ҚазТрансОйл" АҚ басшылығымен "Эмитент күнін" өткізді

10.03.23 17:15
/KASE, 10.03.23/ – Бүгін Қазақстандық қор биржасы (KASE) "ҚазТрансОйл" АҚ басшылығымен "2022 жылдағы қаржылық нәтижелер" тақырыбында KASE қызметкерлерінің онлайн кездесуін өткізді. Кездесуде "ҚазТрансОйл" АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов компанияның өндірістік және қаржылық нәтижелері туралы айтып берді, "ҚазТрансОйл" АҚ қызметкерлері компания қызметінің түрлі аспектілері туралы сұрақтарға жауап берді. Іс-шара инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін "Эмитент күні" жобасы шеңберінде өткізілді. [2023-03-10]