Азия даму банкі KASE-де жазылым арқылы XS2590132242 (ASDBe14) халықаралық облигацияларын өтеуге кірістілігі жылдық 15,88 %-бен орналастыра отырып, 18,0 млрд теңге тартты
09.03.23 18:04
/KASE, 09.03.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылдың 02 наурызында
Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Азия даму банкі
XS2590132242 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы,
ASDBe14; 17 978 448 000 теңге; 09.03.23 – 18.03.25; жартыжылдық купон,
жылдық 15,88%; 30/360) халықаралық облигацияларына жазылу арқылы бастапқы
орналастыру жүргізілді.
Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) әрекет етті.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 02 наурызында
Астана қаласы уақытымен сағат 09:30-дан 12:00-ге дейін жүргізілді.
Орналастыруға номиналды көлемі 17 978 448 000 теңге (номиналды құны
1 теңгеден 17 978 448 000 дана) облигациялар ұсынылды. Жазылым
шеңберінде шектелімді және нарықтық өтінімдер қабылданды.
Баға ретінде өтінімде купон мөлшерлемесінің мәні, ондық үтірден кейінгі
екінші ондық белгіге дейінгі дәлдікпен жылдық пайызбен көрсетілген, қаржы
құралдарының саны ретінде – теңгедегі номиналды көлем көрсетілді. Сатып
алушылар үшін берілген өтінімдердегі облигациялардың максималды
санына шектеулер жазылу шарттарымен белгіленбеген.
Сауда-саттыққа KASE тоғыз мүшесі қатысты. Сауда жүйесіне барлығы
46 929,0 млн теңге көлемінде 25 шектелімді өтінім берілді, оның ішінде
өтінімдерді жинау аяқталған сәтте 32 934,4 млн теңге көлемінде 15 өтінім
белсенді деп танылды (ұсыныс көлеміне 183,2 %). Берілген белсенді
өтінімдерде өтеуге кірістілік жылдық 15,8200–16,0000 % диапазонында
өзгерді, өтеуге орташа сараланған кірістілік жылдық 15,8983 % құрады.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне 56,2 %, басқа
институционалдық инвесторлардың үлесіне 43,8 % тиесілі болды.
Орналастыру нәтижелері бойынша KASE алты мүшесі берген жалпы
сомасы 17 978 448 000,0 теңгеге 11 өтінім қанағаттандырылды. Эмитент
17 978 448 000 облигацияны орналастырып, өтеуге кірістілігін жылдық
15,88 % деңгейінде белгіледі.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне
сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша барлық
мәмілелер осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды.
Бұл ретте тарту көлемі бойынша 85,3 % – банктер, 14,7 % – басқа
институционалдық инвесторлар сатып алды.
[2023-03-09]