Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан қор биржасында өзінің 13-айлық XS2586856879 (EBRDe18) халықаралық облигацияларына жазылу арқылы 0,90 % маржамен орналастырып, 48,5 млрд теңге тартты

23.02.23 18:18
/KASE, 23.02.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылдың 21 ақпанында Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) сауда-саттық жүйесінде Еуропалық қайта құру және дамыту банкінің XS2586856879 (Ebrde18; 48,5 млрд теңге, 23.02.23 – 23.03.24, өзгермелі тоқсандық купон, Tonia Compounded + маржа, actual/365) халықаралық облигацияларын оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыруы жүргізілді. Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болды. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 21 ақпанында Астана қаласы уақытымен сағат 09:30-дан 12:00-ға дейін жүргізілді. Орналастыруға номиналды көлемі 48,0 млрд теңге (номиналды құны 1 теңге болатын 48 000 000 000 дана) облигациялар ұсынылды. Жазылым шеңберінде шектелімді және нарықтық өтінімдер қабылданды. Баға ретінде өтінімде үтірден кейінгі екінші ондыққа дейінгі дәлдікпен, облигацияның номиналды құнынан пайызбен купонға белгіленген маржаның мәні көрсетілген Сауда-саттыққа KASE төрт мүшесі қатысты. Сауда-саттық жүйесіне барлығы номиналды көлемі 51,5 млрд теңге болатын жетішектелімді өтінім берілді, оның ішінде өтінімдерді жинау аяқталған кезде номиналды көлемі 48,5 млрд теңге болатын алты өтінім (ұсыныс көлеміне 101,0 %) белсенді деп танылды. Берілген өтінімдердегі купонға маржа мөлшерлемесі 0,90 % құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 15,5 %, институционалдық инвесторлардың үлесіне – 59,8 %, өзге заңды тұлғалардың үлесіне – 24,7 % тиесілі болды. Орналастыру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 48,5 млрд теңгеге барлық белсенді өтінімдер қанағаттандырылды. Маржа мөлшерлемесі 0,90% деңгейінде анықталғды. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша барлық мәмілелер осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды. [2023-01-25]