23 ақпаннан бастап KLA Corporation US4824801009 (KLAC_KZ) жай акциялары рұқсаттама бастамашысының бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылады

22.02.23 15:04
/KASE, 22.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 23 ақпанынан бастап KASE ресми тізімінен KLA Corporation (АҚШ) US4824801009 ("KASE Global" секторы, KLAC_KZ) жай акциялары шығарылды. Бұл шешім KASE-де көрсетілген акциялардың рұқсаттама бастамашысы болып табылатын "Tansar Capital" АҚ (бұрынғы атауы – "CAIFC INVESTMENT GROUP" АҚ) ерікті делистинг туралы өтініші негізінде қабылданды. Аталған акциялар 2022 жылдың 24 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізілді. Олармен сауда-саттық ашылған жоқ. [2023-02-22]