21 ақпаннан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00008257 (EABRb26) облигациялары GCGlobalSec КҚС "General" мүліктік пулының құрамына қабылданатын қаржы құралдарының тізбесіне енгізілетін болады

20.02.23 17:46
/KASE, 20.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 21 ақпанынан бастап GCGlobalSec клирингілік қатысу сертификатын (КҚС) шығарудың "General" мүліктік пулының құрамына қабылданатын қаржы құралдарының тізбесіне Еуразиялық даму банкінің KZ2D00008257 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb26) дисконттық облигациялары енгізілетін болады. GCGobalSec КҚС мүліктік пулының құрамына қабылданатын қаржы құралдарының тізбесі KASE интернет-ресурсында https://kase.kz/ru/repo/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-02-20]