"Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ Қазақстан қор биржасында жазылым арқылы өзінің KZ2P00008162 (MFOKb2) облигацияларын өтеуге орталһша сараланған кірістілігі жылдық 22,75 %-бен орналастыра отырып, 922,4 млн теңге тартты
17.02.23 18:30
/KASE, 17.02.23/ – 2023 жылдың 17 ақпанында KASE сауда-саттық жүйесінде
"Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2P00008162 (KASE баламалы алаңы,
"облигациялар" санаты, MFOKb2; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 09.11.21 –
09.11.24, тоқсандық купон, жылдық 18,00%; 30/360) облигацияларына жазылу
арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді.
Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ
(Алматы) әрекет етті.
Орналастыруға номиналды көлемі 1 000 000 000 теңге болатын облигациялар
ұсынылды. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданды.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 17 ақпанында
Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 12:30-ға дейін жүргізілді.
Сауда-саттыққа KASE үш мүшесі қатысты. Сауда-саттық жүйесіне барлығы
номиналды көлемі 1 366,6 млн теңге болатын 186 лимиттелген өтінім берілді,
оның ішінде өтінімдерді жинау аяқталған кезде жалпы көлемі 1 281,1 млн
теңге болатын 185 өтінім белсенді деп танылды. Берілген белсенді
өтінімдердегі таза баға номиналдың 93,3565– 95,7355 % (жылдық 21,0000 –
22,7500 %) диапазонында өзгерді, орташа сараланған таза баға номиналдың
93,3572 % (жылдық 22,7495 %) құрады. Сұраныс ұсыныстан 1,4 есе асып түсті.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде заңды тұлғалардың үлесіне – 8,1 %,
жеке тұлғалардың үлесіне – 91,9 %.
Орналастыру нәтижелері бойынша барлық белсенді өтінімдер толық көлемде
қанағаттандырылмады. Жалпы сомасы 922 401 883,7 теңгеге 983 820 облигация
орналастырылды. Орташа сараланған таза баға номиналдың 93,3572 % құрады
(жылдық 22,7495 %).
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес
аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша мәмілелер осы ақпарат
жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды. Бұл ретте тарту көлемі
бойынша 8,1 % – заңды тұлғалар, 91,9 % – жеке тұлғалар сатып алды.
[2023-02-17]