"Аграрлық несие корпорация" АҚ KZ2C00002731 (AGKKb4) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

20.02.23 09:09
/KASE, 20.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 20 ақпанынан бастап "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) KZ2C00002731 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, AGKKb4; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 20.08.14 – 20.02.23; жартыжылдық купон, жылдық 8,50 %; 30/360) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Аталған облигациялар 2014 жылдың 20 тамызынан бастап "рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында болды. Олармен сауда-саттық 2014 жылдың 31 желтоқсанынан бастап ашылды. [2023-02-20]