17 ақпан күні Қазақстан қор биржасында "Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ KZ2P00008162 (MFOKb2) облигацияларына жазылу жүргізіледі

15.02.23 17:20
/KASE, 15.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 2023 жылдың 17 ақпанында KASE сауда-саттық жүйесінде жазылу арқылы "Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2P00008162 облигацияларын бастапқы орналастыру (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, MFOKb2; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 09.11.21 – 09.11.24, тоқсандық купон, 18,00% жылдық; 30/360) жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 1 000 000 000 теңге. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 17 ақпанында Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 12:30-ға дейін жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың 17 ақпан; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 17 ақпаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 17 ақпаны, Астана қ.уақыты 14:00. Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы беріледі. Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу қағидалары KASE интернет-ресурсында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/MFOKb2/ сілтемесі бойынша жарияланады. [2023-02-15]