"Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ Қазақстан қор биржасында жазылым арқылы KZ2P00008576 (MFOKb3) облигацияларын орналастыра отырып, өтеуге кірістілігі жылдық 22,00 %-бен 944,4 млн теңге тартты

10.02.23 21:02
/KASE, 10.02.23/ – 2023 жылдың 10 ақпанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2P00008576 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 22.09.22 – 22.09.23, тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болды. Орналастыруға номиналды көлемі 900 000 000 теңге болатын облигациялар ұсынылды. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданды. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 10 ақпанында Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 12:30-ға дейін жүргізілді. Сауда-саттыққа KASE екі мүшесі қатысты. Сауда-саттық жүйесіне жалпы көлемі 2 063,3 млн теңге болатын 171 шектелімді өтінім берілді, олар өтінімдерді жинау аяқталған кезде белсенді деп танылды. Берілген белсенді өтінімдердегі таза баға номиналдың 98,8420 % (жылдық 22,00 %) құрады. Сұраным ұсынымнан 2,3 есе асып түсті. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде заңды тұлғалардың үлесіне – 1,7 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 98,3 % тиді. Орналастыру нәтижелері бойынша барлық өтінімдер қанағаттандырылды, жалпы сомасы 944 449 830,8 теңгеге 930 413 облигация орналастырылды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі таза баға номиналдың 98,8420 % құрады (жылдық 22,00 %). "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша мәмілелер осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды. Бұл ретте тарту көлемі бойынша 1,7 % – заңды тұлғалар, 98,3 % – жеке тұлғалар сатып алды. [2023-02-10]