15 ақпаннан бастап KZ2P00009277 (MFBLb1) "Birinchi Lombard" ЖШС (Бірінші Ломбард) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

15.02.23 09:30
/KASE, 15.02.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясы 2023 жылдың 10 ақпанында "Birinshi Lombard" ЖШС (Бірінші Ломбард) (Алматы) KZ2P00009277 (MFBLb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 24,00 %; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 15 ақпанынан бастап күшіне енеді. Көрсетілген облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/MFBLb1/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-02-15]