"Кредит Time" МҚҰ" ЖШС өзінің KZ2P00007248 (MFKTb1) облигацияларының өтелгені туралы хабарлады

14.02.23 12:37
KASE, 14.02.23/ – "Кредит Time" МҚҰ " ЖШС (Ақтөбе) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2023 жылдың 10 ақпанда өзінің KZ2P00007248 (MFKTb1) облигацияларын өтегені туралы хабарлады, өтеу шеңберінде көрсетілген облигациялар бойынша соңғы – сегізінші купондық сыйақы төленді. Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 216 100 500 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш (облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 205 810 000 теңге, сегізінші купондық сыйақы – 10 290 500 теңге. [2023-02-14]