"Birinshi Lombard" (Бірінші Ломбард) ЖШС KZ2P00009277 (MFBLb1) облигациялары баламалы сауда-саттық алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан
13.02.23 10:00
/KASE, 13.02.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы
2023 жылдың 10 ақпанында "Birinshi Lombard" ЖШС (Бірінші Ломбард) (Алматы)
KZ2P00009277 (1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық
24,00%; 30/360) облигацияларының баламалы алаңын "облигациялар" санаты
бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын
реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылдың 20 желтоқсанында 5,0 млрд теңге
сомасына тіркеген "Birinshi Lombard" ЖШС (Бірінші Ломбард) бірінші
облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші шығарылымы болып табылады.
"Birinchi Lombard" ЖШС (Бірінші Ломбард) қаржылық кеңесшісі "Банк
ЦентрКредит" АҚ (Алматы) еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ болып табылады.
Аталған облигацияларға MFBLb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
"Birinshi Lombard" ЖШС қызметінің негізгі түрі – жеке тұлғаларға кепілмен
шағын несие беру бойынша ломбардтық операциялар.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2023-02-13]