23 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Johnson & Johnson US4781601046 (JNJ_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталады

10.02.23 16:00
/KASE, 10.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 23 ақпанынан бастап Johnson & Johnson (АҚШ) US4781601046 ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық қайта басталатыны туралы хабарлайды. Аталған акциялармен KASE-дегі сауда-саттық 2023 жылдың 31 қаңтарынан бастап, дивидендтер төлеу үшін тізілімнің бекітілуіне байланысты, олар бойынша KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 21 ақпанына және одан кейінгі күндерге келетін акциялар бойынша тоқтатылды. Осы тақырып бойынша бұрын KASE 2023 жылдың 31 қаңтардағы "31 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында Johnson & Johnson US4781601046 (JNJ_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды" жаңалығы жарияланған болатын – https://kase.kz/kz/news/show/1496118/. [2023-02-10]