"First Heartland Jusan Invest" АҚ "abyROI" ИИПҚ KZPF00000157 (FHJIlq) пайлары бойынша KASE маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты

10.02.23 16:05
/KASE, 10.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 15 ақпанынан бастап "First Heartland Jusan Invest" АҚ (Астана) оның басқаруындағы "abyROI" интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) KZPF00000157 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIlq) пайлары бойынша KASE маркет-мейкері міндеттерін орындаудан босатылды Бұл шешім KASE "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" ішкі құжатының 3 бабына сәйкес маркет-мейкердің көрсетілген мәртебеден ерікті түрде бас тартуы себебінен қабылданды. [2023-02-10]