KASE акционерлері "Қазақстан қор биржасы" АҚ дивидендтік саясатын бекітті

10.02.23 14:23
/KASE, 10.02.23/ – Қазақстан қор биржасы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының (KASE немесе Биржа) 2023 жылдың 10 ақпанындағы шешімімен "Қазақстан қор биржасы" АҚ Дивидендтік саясаты (Саясат) бекітілді, ол 2023 жылдың 13 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі. Саясат KASE акциялары бойынша дивидендтерді төлеу мәселелеріне негізгі тәсілдерін, сондай-ақ Биржаның дивидендтерді төлеу шарттары мен тәртібін анықтайды. 2023 жылдың 13 ақпанынан бастап KASE акционерлерінің жалпы жиналысының 2017 жылдың 29 қарашасындағы шешімімен бекітілген Дивидендтік саясаттың күші жойылды деп танылады. Саясаттың мәтіні KASE интернет-ресурсында "Корпоративтік құжаттар" бөлімінде ("Акциялар шығару" бетбелгісі) жарияланады. [2023-02-10]