KASE биржалық нарықтың 2023 жылдың қаңтар айындағы жұмысын қорытындылады

09.02.23 12:50
/KASE, 09.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың қаңтар айындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды. - KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2023 жылдың қаңтарында 23,7 трлн теңгені құрады және желтоқсанға қатысты 9,2 %-ға немесе 2,4 трлн теңгеге төмендеді. - Қаңтар айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 1,5 %-ға өсіп, 3 299,91 тармақты құрады. - Қаңтар айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 2,5 %-ға 21,7 трлн теңгеге дейін өсті, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 0,3 %-ға 14,4 трлн теңгеге дейін төмендеді. - 2023 жылдың 01 ақпанындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 228 эмитенттің 579 атаудағы беймемлекеттік бағалы қағаздары болды. - 2023 жылдың 01 ақпанындағы жағдай бойынша "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-да 545 431 жеке тұлғаға ашылған 578 673 жеке қосалқы шот болды. Қаңтар айының қорытындысы бойынша жеке тұлғалар 38 972 жаңа дербес қосалқы шотты тіркелді. Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақшаның, репо және валюталық своп операцияларының, туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE интернет- ресурсында жарияланған KASE пресс-релизінде ұсынылған: - https://kase.kz/files/press/kz/09_02_2023_Itogi_jan_kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/09_02_2023_Itogi_jan_ru.pdf – орыс тілінде. [2023-02-09]