10 ақпанда Қазақстан қор биржасында "ОнлайнҚазқаржы МҚҰ" АҚ KZ2P00008576 (MFOKb3) облигацияларына жазылу жүргізіледі

09.02.23 11:57
/KASE, 09.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2023 жылдың 10 ақпанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2P00008576 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 22.09.22 – 22.09.23, тоқсандық купон, 20,00% жылдық; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 900 000 000 теңге. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 10 ақпанында Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 12:30-ға дейін жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың 10 ақпаны; сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 10 ақпаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 10 ақпаны, Астана қ.уақыты 13:00. Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу қағидалары жаңа редакцияда KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланатын болады. [2023-02-09]