"Фридом Финанс" АҚ Директорлар кеңесі акционердің акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жолымен KZ1C00001262 (FIN) 520 698 жай акцияны орналастыру туралы шешім қабылдады

08.02.23 12:45
/KASE, 08.02.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) акционердің акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын сатуы арқылы ұйымдастырылмаған нарықта 11 500 теңге бағамен жарияланған акциялар шегінде 520 698 жай акцияны орналастыру туралы Директорлар кеңесінің 2023 жылдың 03 ақпанындағы шешімі туралы KASE-ге хабарлады. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/FFIN/ffin_info_reshenie_sd_030223_03.PDF [2023-02-08]