"ҚазТрансОйл" АҚ ақпан айында Германияға 20 мың тонна қазақстандық мұнайды тасымалдауды жоспарлап отыр

06.02.23 14:48
/KASE, 06.02.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) 2023 жылдың 06 ақпанындағы баспасөз релизін KASE-ге ұсынды, онда мыналар хабарланады: дәйексөздің басы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сай, "ҚазТрансОйл" АҚ ақпан айында 20 мың тонна көлеміндегі қазақстандық мұнайды "Дружба" мұнай құбырымен "Адамова застава" мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жеткізуді жоспарлап отыр. 2022-ші жылдың желтоқсан айында "ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен "Адамова застава" мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын. Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады. дәйексөздің аяғы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_060223_1_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_060223_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_060223_1_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-02-06]