/ҚАЙТАЛАУ/ 2023 ЖЫЛДЫҢ АҚПАНЫНДАҒЫ KASE САУДА-САТТЫҚ РЕГЛАМЕНТІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

06.02.23 09:00
/KASE, 06.02.23, 19.01.23 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы" атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE сауда-саттық регламентіне 2023 жылдың ақпанында мынадай өзгерістер енгізілетінін хабарлайды. 20 ақпанда АҚШ-тағы мереке күніне байланысты келесі құралдармен сауда- саттық жүргізілмейді: - USDKZT_TOD, EURUSD_TOD, USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, USDKZT_0_01W, USDKZT_0_01M, USDKZT_0_03M, USDKZT_0_06M және USDKZT_0_01Y; - шетелдік эмитенттер шығарған және АҚШ долларымен есеп айырысумен сауда-саттық жасайтын ETF акциялары мен бағалы қағаздары. 23 және 24 ақпанда Ресейдегі мереке күндеріне байланысты RUBKZT_TOD, RUBKZT_0_001 және RUBKZT_0_002 құралдарымен сауда-саттық өткізілмейді. Сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы https://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade_ASTS.pdf сілтемесі бойынша қолжетімді. [2023-02-06]