KASE өзінің интернет-ресурсында 2023 жылдың қаңтардағы Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі бойынша шолуды жариялады

03.02.23 15:04
/KASE, 03.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) өзінің интернет-ресурсында 2023 жылдың қаңтардағы Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі (ІБИ) бойынша шолуды жариялады, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кәсіпорындардың ай сайынғы сауалнамасының нәтижелері бойынша дайындады және кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерінің нақты өзгерістеріне және олардың болашақтағы өзгерістеріне қатысты күтулеріне қатысты сұрақтарға кәсіпорындардың жауаптарының жиынтығын қамтиды. ІБИ нақты сектордағы экономиканың жай-күйін сипаттайтын өз көрсеткішін білдіреді, экономикалық үрдістердің, іскерлік циклдің сыни және айналым нүктелерінің динамикасын зерттеуге мүмкіндік береді. Төменде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің пікірлері келтірілген: "Теріс аймақта сегіз ай бойы болған іскерлік белсенділік көрсеткіші 2023 жылғы қаңтарда өсу аймағына өту арқылы жақсарып, 50,7 болды (2022 жылғы желтоқсанда – 49,4). Өндіріс пен қызмет көрсету секторында іскерлік белсенділік арта түсті. Мұнда индекстер тиісінше 52,1-ге және 51,3-ке дейін көтерілді (2022 жылғы желтоқсанда – 49,7 және 50,7). Құрылыс пен кен өндіру өнеркәсібінде индекс 50 белгісінен төмен қалыптасты, дегенмен, құрылыста көрсеткіш 48,6-ға дейін көтерілді (желтоқсанда – 47,3). Кен өндіру өнеркәсібінде жаңа өнім, жаңа тапсырыстар көлемі, жұмыспен қамту деңгейі төмендеп, жеткізу мерзімі ұзарып кеткендіктен іскерлік белсенділік 45,9-ға дейін (желтоқсанда – 47,2) түсті. Бизнес-ахуал индексі де жақсарды. Көрсеткіш барлық секторда ұлғайды. Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, бизнес жүргізудің қазіргі жай-күйі мейілінше қолайлы бола бастады және болашақ жағдайларға қатысты күтулер де айтарлықтай жақсара түсті. Сөйтіп, бүгінгі және болашақ бизнес-жағдайлардың орташа бағасын көрсететін бизнес-ахуал индексі (2022 жылғы желтоқсандағы 2,7-ден) 11,9-ға дейін едәуір көтерілді. Бизнес жүргізудің қазіргі жағдайлары оң бағаланғандықтан, бизнес-цикл "сағатының" индикаторы көтерілу аймағынан өсу аймағына өтті". 2023 жылдың қаңтар айындағы ІБИ бойынша шолулар жарияланды: - https://kase.kz/kz/ida/ – қазақ тілінде; - https://kase.kz/ru/ida/ – орыс тілінде; - https://kase.kz/en/ida/ – ағылшын тілінде. [2023-02-03]