KASE Листингілік комиссиясы "Finaccord Limited" жеке компаниясының KZ2D00009354 (FNACpp2) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

03.02.23 14:00
/KASE, 03.02.23/ – Қазақстан қор биржасының Листингілік комиссиясы (KASE) 2023 жылдың 03 ақпанында "Finaccord Limited" жеке компаниясының (Астана) KZ2D00009354 облигацияларын ($100 000, $150,0 млн, 5 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 4,00%; 30/360) "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға FNACpp2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілген. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2023-02-03]