16 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің US912810FJ26 (US_04_2908) және US91282CCT62 (US_09_2408) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық қайта басталады

03.02.23 12:54
/KASE, 03.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылғы 16 ақпаннан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық қайта басталатыны туралы хабарлайды: - US912810FJ26 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, US_04_2908); - US91282CCT62 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, US_09_2408). Аталған облигациялардың сауда-саттығы KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 14 ақпанына және одан кейінгі күндерге келетін репо операциялары бойынша, көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеуге байланысты тоқтатылды. Осы тақырып бойынша бұдан бұрын KASE 2023 жылдың 20 қаңтарындағы "20 қаңтардан бастап KASE-де АҚШ Қаржы министрлігінің US912810FJ26 (US_04_2908) және US91282CCT62 (US_09_2408) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылды" жаңалығы жарияланған болатын – https://kase.kz/kz/news/show/1495382/ [2023-02-03]