03 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Батыс транзит" АҚ KZ000A0T88N8 (BTTRb1) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылды

03.02.23 11:00
/KASE, 03.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 03 ақпанынан бастап "Батыс транзит" АҚ (Алматы) KZ000A0T88N8 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTTRb1) облигацияларымен KASE сауда-саттығы тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттықты тоқтата тұру "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ хатының негізінде жүзеге асырылды, осы хатқа сәйкес 2023 жылдың 02 ақпанында оның есепке алу жүйесінде облигацияларды шығарудың шарттарына өзгерістер енгізу мәселесі бойынша облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізуге байланысты аталған облигацияларды орналастыру және олардың айналысы тоқтатылды. [2023-02-03]