01 ақпан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 03 ақпанда болатын МЕУКАМ-180 16-шы шығарылымын (KZKD00001194, MUM180_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

01.02.23 15:20
/KASE, 01.02.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2023 жылдың 03 ақпанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-180 16-шы шығарылымын (KZKD00001194, MUM180_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 10 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдың 96,2720 % деңгейінде белгіледі (кірістілік – жылдық 11,60 %). Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады. Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 03 ақпанда болатын МЕУКАМ-180 16-шы шығарылымын (KZKD00001194, MUM180_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы https://kase.kz/kz/news/show/1496168/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-02-01]