01 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында IBM corp. US4592001014 (IBM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

01.02.23 11:32
/KASE, 01.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 10 ақпанына және одан кейінгі күндерге келетін IBM corp .(США) US4592001014 ("KASE Global" секторы, IBM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 10 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. [2023-02-01]